Қазақстандық үш азамат Ресейде карантинге жабылды
Қазақстан мен Ресей денсаулық сақтау министрліктері Ресей Федерациясында карантинде отырған қазақстандықтардың жағдайын бірлесіп қарайды.
15:04 06.02.2020
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Елжан Біртанов Михаил Мурашконың тағайындалуымен құттықтады және коронавирустық инфекцияға қарсы күресте көрсеткен көмегі үшін және біздің азаматтарды Ухань қаласынан эвакуациялағаны үшін алғыс білдірді.
Тараптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел орталығы арқылы тұрақты байланыс орнатуға және ақпарат алмасуға келісті. Атап айтқанда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Түмен қаласындағы (үш қазақстандық) Уханьнан эвакуацияланған азаматтарымыздың жағдайына бірлесіп мониторинг жүргізетін болады. Жерлестеріміз екі апталық карантинде отыр.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!