{metadescription}
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі тағайындалды

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі тағайындалды

Динара Щеглова индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі болып тағайындалды.

Динара Щеглова 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірді.

2007 жылы - Қазақ экономикалық университетін менеджмент мамандығы бойынша, 2011 жылы - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқыды.

2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы пқпараттандыру және байланыс агенттігі жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болды. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 

2011 жылы ол «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-да инфрақұрылымдық жобаларды бақылау департаментінің бас менеджері болып жұмыс істей бастады, кейіннен ақпараттандыру модельдері департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 2017 жылы басқарушы директор лауазымына тағайындалды, содан кейін «Зерде» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде