{metadescription}
Ұшақ әуежайға қонған кезде үшке бөлінді

Ұшақ әуежайға қонған кезде үшке бөлінді

Әуе кемесінің бортында 177 жолаушы, соның ішінде екі бала мен алты экипаж мүшесі болған.

Төтенше жағдайға қатысты тергеу басталды. Түркияның Стамбул қаласындағы Сабихи Гөкчен атындағы әуежайға қонған Pegasus Airlines әуе компаниясының Boeing-737-800 ұшағы үшке бөлінді. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза болып, 177 адам зардап шекті.

​Желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Роликті Airport Haber порталы жариялаған. Pegasus әуе компаниясының ұшағы Измир – Стамбул бағытымен ұшқан. Қонған кезде ұшу-қону жолағынан асып кетті. Апатқа байланысты тергеу басталғаны хабарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде