{metadescription}
Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта қатынасы тоқтатылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта қатынасы тоқтатылды

Қытайл тарапының бастамасымен Қазақстан мен қытай арасындағы авто, әуе және теміржол арқылы іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды.

Бұл туралы "Қазпочта" ұйымының жарнама және PR департаментінің директоры Дилара Зарлықова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Қазақстан пошталық компаниясы өкілі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ақпарынша, Қытайдан жеткізілген тапсырыстар коронавирустың тарауына себепкер болуы мүмкін емес екенін айтады. Оған себеп тасымалдау жағдайы дейді ұйым мамандары. Олардың сөзінше, вирус ұзақ уақыт бойы ағзадан тыс өмір сүре алмайды.

"Қытай тарапының бастауымен авто, әуе және теміржол арқылы Қазақстан мен Қытай арасында іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты "Қазпочта" Қытайға және Қытай елі арқылы Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолстан, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань мемлекеттеріне поштамен жіберілетін барлық заттардың тасымалы іске асырылмайды", - деп жазыпты Дилара Зарлықова.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде