{metadescription}
Ақтөбеде өз қызын зорлаған ер адам сотталды

Ақтөбеде өз қызын зорлаған ер адам сотталды

Ақтөбеде туған қызын зорлады деп күдікке ілігіп, ұзақ уақыт іздеуде жүрген әке ұсталып, сотталды.

Оған 2019 жылдың 27 ақпаны күні Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауылы, Бейбітшілік көшесіндегі пәтерінде кәмелет жасқа толмаған қызын зорлады деген айып тағылды.

«Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 6 ақпанындағы үкімімен Е.Ахметов ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығымен түпкілікті өтеуге 19 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Жәбірленушінің заңды өкілінің моральдық залалды өтеу туралы азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылып, сотталғаннан 5 000 000 теңге өндірілді. Аталған қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбе облыстық полиция департаменті өткен жылы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке іліккен Ермек Ахметовке халықаралық іздеу жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.