{metadescription}
Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер қайтыс болды

Коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер қайтыс болды

Офтальмолог Ли Вэньлян 34 жасында қайтыс болды.

Дәрігерлер қанша тырысқанмен, жанын аман алып қала алмады. Қытайда 2019-nCoV жаңа вирусының етек алғаны туралы алғаш болып хабар берген Врач Ли Вэньлян 7 ақпанға қараған түні пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Уханның орталық ауруханасына сілтеме жасап South China Morning Post газеті жазды.

Дәрігер 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында өкпе қабынуына байланысты жаңа аурудың тарап кеткенін хабарлады. Артынан мамандар індеттің қоздырғышын анықтады. Ол – 2019-nCoV вирусы.

11 қаңтарда Ли Вэньлян Weibo микроблогында өз денсаулығы туралы жазып, дене қызуының көтерілгенін және жөтелдің пайда болғанын жазды. Ал 1 ақпан күні коронавирустың расталғанын жеткізді. Кеше 34 жастағы дәрігердің әріптестері Ли Вэньляннің қайтыс болғанын растады.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде