Үш дүркін әлем чемпионы өз-өзіне қол салмақ болды
Ресейлік гимнасшы Александра Солдатова суицид жасамақшы болған.
11:20 07.02.2020
Бұл туралы "Мәскеу" қалалық жаңалықтар агенттігіне полиция қызметкері хабарлаған. 5 ақпан күні 21 жастағы Александра Солдатова дене жарақаттарымен мәскеулік ауруханалардың біріне түскен. Сондай-ақ, қызға булимия диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта науқас қалай жарақат алғанын айта алмайды. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр. Mash Telegram-каналының хабарлауынша, спортшы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындапты.
"Бұл ақымақтық болды. Қорқып кетіп, бірден ауруханаға бардым", - деп мәлімдеген Александра.
Александра Солдатова - көркем гимнастикадан Ресей құрамасының мүшесі, командалық есепте үш дүркін әлем чемпионы және лентамен жаттығудан әлем чемпионы. 2019 жылдың мамыр айында ол Испанияның Гвадалахара қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Айта кетсек, спортшы Димаш Құдайбергеннің "Шаршаған аққулардың махаббаты" әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!