{metadescription}
Коронавирустан көз жұмғандар саны 636 адамға жетті

Коронавирустан көз жұмғандар саны 636 адамға жетті

Қытайда вирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті.

Бұл туралы ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті 7 ақпанда хабарлады. 6 ақпан түн жарымға дейінгі жағдай бойынша денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке 31 провинциядан (аудандардан, орталыққа бағынатын қалалардан) келген мәліметтерге қарасақ, коронавирустың жаңа түрінің салдарынан пневмония жұқтырған 31 161 адам болып отыр.

Олардың ішінде 4827 адам ауыр халде, 636 адам қайтыс болды. 1540 адам емделіп, ауруханадан шықты. Айта кетейік, коронавирусты алғаш анықтаған дәрігер қайтыс болды.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде