{metadescription}
Оралда жасөспірімді 100 мың теңгеге сатпақ болған

Оралда жасөспірімді 100 мың теңгеге сатпақ болған

Мұндай оғаш жарнама екі апта бұрын әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған.

Круглоозерное ауылында (Батыс Қазақстан облысының қалалық типтегі кенті) 10-сынып оқушысы сыныптастарының қысымына ұшырайды. Оны үнемі ұрып-соққан, бірақ полиция, мектеп әкімшілігі және білім бөліміндегілер оған қатысты ешқандай шара қолданбаған.

«Менің баламды көп рет ұрып-соғып кеткен, ақшасын тартып алған. Мен бәрін біліп қойғанда, баламның сыныптастары келіп, барлық ақшаны қайтарып берді, сөйтіп полицияға арыз жазбауымды сұрады, содан кейін қойғанбыз. Бірақ кейін оның қабырғаларын сындырыпты, бұл жолы шыдамадым, прокуратураға, әкімдікке, полицияға арыздандым. Содан кейін оның суреті Интернетте пайда болды, онда ол 100 000 теңгеге сатылады деп жазылған. Түрлі пікірлер жазылыпты астына, біреулер оны органға сатуды ұсыныпты. Осылай істеуге бола ма? Мен мұны былай қалдырмаймын, әркім өз әрекеттері үшін жауап беруі керек», - дейді жасөспірімнің анасы Алтын Ахмедиярова.

Әйелдің айтуынша, бұл факт бойынша ешқандай шара қолданылмаған. Мектеп директоры желіге жарнаманы орналастырған адамды табуға тырысқан, бірақ одан әзірге нәтиже шықпапты. Полиция қызметкерлері де оларды таба алмаған.

«Азамат Ахмедиярова баласының соққыға жығылуына байланысты бізге арызбен жүгінді. Бұл фактімен Зачаган полиция бөлімі айналысып, істе қылмыс құрамы болмаған соң ол жабылды. 25 қаңтарда жәбірленушінің анасы тағы да шағым түсірді. Бұл жолы әлеуметтік желіде баласының сатылымға қойылғаны, онда суретімен жүргені туралы жарнаманы көрсетті. Бұл істе ешбір қылмыскер табылмады, сондықтан ол да жабылды», - деді Орал полиция бөлімі баспасөз хатшысы Гуляман Исмағұлова.

Тіпті ішкі істер органдарының ардагерлері де бұл жағдайды анықтауға тырысқан. Олар мектепке келіп, директормен кездескен. Мұнда Зачаган полиция бөлімі бастығының орынбасары да келіп, тергеу ісі жалғасатынын да айтқан. Бұл жағдайдан білім басқармасының басшылығы да хабардар.

«Біз мектеп директорымен кездесіп, жиналыс өткіздік, нәтижесі15 күннен кейін белгілі болады, одан соң ата-аналар жиналысы болады. Қазіргі уақытта бала мектепке келіп жүр», - деді Орал қалалық білім басқармасының бас маманы Жазира Рысқазиева.

Баланың анасы баласын осынша қорлаған адамның өздерінен кешірім сұрағанын қалайды. Полиция тергеуді жалғастырамыз және жарнама авторын табамыз деп уәде берді.

Дереккөз: tdk42.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде