Шағын ұшақ апатқа ұшырады: 5 адам көз жұмды
7 ақпан күні Алясканың оңтүстік-шығысында қаланың шағын ұшағы апатқа ұшырады.
16:04 07.02.2020
"Ұшақта болған бір пилот пен төрт адам опат болды", - деп мәлімдеді АҚШ әскерилерінің өкілі Тим ДеСпейн.
Көз жұмғандардың кім екендігі аталмапты. Ұшақ Алясканың Вефил қаласының Кипнук ауылына бағыт алған. Айтып өту керек, әуе кемесі белгіленген уақыттан кешігіп шығыпты. Ал жергілікті сағат бойынша 13:30-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 04:30) Тунтутуляк аймағына жақын жерде апатқа ұшыраған. Ұшақ апатының себептері әлі анықталмапты. Америкалық БАҚ мәліметіне сәйкес ұшақта әскерлер болған. Жедел жасақ құрылып, тікұшақпен оқиға орынан жөнелтіліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!