Дүкендердегі садақа жәшіктерін ұрлаған алаяқ ұсталды
Алматыда садақа жәшіктерін қолды еткен адам ұсталды.
17:41 07.02.2020
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұры дүкендерді аралап өзін қайырымдылық қорының мүшесі ретінде таныстырған. Сөйтіп садақа жәшіктерін алып кетіп отырған. 31 жастағы жігіт бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Бұл жәшіктер көбінесе науқас балаларды емдеуге ақша жинау үшін қойылған. Ұры оны алып кетіп өз мақсатына жаратқан. Ол осындай 4 дүкеннен жәшіктерді алып кеткен. Қазір полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мулинов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!