{metadescription}
Қазақстандық боксшылар Мажарстандағы турнирде үш алтын алды

Қазақстандық боксшылар Мажарстандағы турнирде үш алтын алды

Дебреценде (Венгрия) бокстан халықаралық «Иштван Бочкай» турнирінің финалы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын медальға қол жеткізді. 52 келіге дейінгі салмақта Сабырхан Махмуд финалда Лалитха Прасада Полипаллиді (Үндістан) ұтты. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынғаа түскен Айбек Оралбай қарсылас шақ келтірмеді. Ол финалда үндістандық Гаурава Чауханды ұтты.

Ал әйелдер арасында Римма Волосеннко ресейлік Ектерина Дынниктен басым түсті. Сондай-ақ, Талғат Шәйкен фрнциялық Вахид Хамблиге жол беріп, күміске ие болды. Осыған дейін Айдос Арапов (57 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Дамир Тойбай (+91 кг) және Марина Вольнова (-69 кг) қола жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: olympic.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде