Қаланы жарғанаттар басып, жұрт үйлерінен шыға алмай отыр
Жарғанаттардың шабуылына байланысты Авустралияның Ингем тұрғындары үйден шығудан қорқып отыр.
17:14 08.02.2020
The Mirror басылымы хабарлағандай, адамдар үйден шығып, мектепке балаларды жіберуге жүрексінеді. «Тірі торнадо» эпицентріне жедел жәрдем тікұшағы келді. Аспанды тұтастай жарқанаттар басып, көрініс нашар болғандықтан, тікұшақ жерге қонуға мәжбүр болды.
Айта кеткен жөн, сүтқоректілердің бұл түрі қорғалған. Алайда, жергілікті шенеуніктер оларды жою керек деген пікірде, себебі олар тұрғындар мен фермерлерге қатты зиян келтіріп жатыр. Қалалық кеңес өкілі Реймон Джайо Аустралиядағы барлық жарғанаттар Ингемде жиналған сияқты дейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!