Қордайдағы жанжалда қамауға алынған 44 адам босатылды
Масанчи ауылындағы жанжал кезінде ұсталғандардың 44-і босатылды.
22:26 08.02.2020
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай төбелес кезінде ұсталған 44 адам Ауқатты ауылындағы қамаудан босатылды. Бұл туралы 8 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Аcқар Мырзахметов баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
"Бұл адамдардың төбелеске қатыспағаны белгілі болғаннан кейін босатылды. Түнгі үште ауыл қоршауға алынған кезде полиция оларды қамаған болатын", - деді Жамбыл облысының әкімі.
Жалпы, облыс әкімінің айтуынша, түнгі төбелеске 1000-ға жуық адам қатысқан. Бұған дейін 47 адам ұсталып полиция бөліміне жеткізілгені хабарланған.
"Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!