{metadescription}
Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты

Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты

Қазақстан дүнгендері қоғамдық бірлестігінің мәліметінше, Қордай ауданындағы отбасылар Қырғызстанға өтіп кетуге тырысуда, өйткені олар бүлікшілік қайталануы мүмкін деп қорқады.

Қазақстан дүнгендерінің қоғамдық бірлестігі Қордайдағы қақтығысқа себеп болған жағдайларды атады. Ұйымның Алматы қалалық филиалының өкілі Ариф Имаровтың айтуынша, Масаншы ауылындағы тәртіпсіздіктерге 5 ақпандағы тұрмыстық жанжал себеп болған.

"Ол күні жастардың бір тобы Қаракемер ауылынан Сортөбеге бара жатқан. Сонда жанжал туындады, бірақ төбелес болған жоқ. Өзара ілігісіп қалған ғой. Сосын Сортөбеде полицейлерге күш қолдану оқиғасы болды. Сол үшін екі адамды ұстады. Қазір бір қарияның сан сүйегін сындырды деген ақпарат тарап жатыр. Ондай болған жоқ. Мен өзім естіген жоқпын", - деді Имаров.

Филиал жетекшісі Ромазан Аюбов та кешегі жаппай тәртіпсіздік осыдан үш күн бұрын болған жанжалдың салдары деп отыр.

"Иә, 5-cі күні тұрмыстық жанжал болған. Меніңше, жергілікті билік, ауыл әкімдері тиісті шараларды дер кезінде қолға алмаған. Кеше болған нәрсе емес қой. Бірден шара қолдану керек еді", - дейді Аюбов.

Дүнгендер неден қорқып отыр?

Ариф Имаровтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қордай ауданындағы дүнгендер жаппай тәртіпсіздіктер тағы қайталанды деп үрейленіп отыр. Сол себепті кейбіреуі көрші Қырғызстанға кетуге тырысуда. Имаровтың өзі Алматыда. Отбасы Масаншыда тұрады.

"Ол жақта әйелім, ұлым, келінім және немерелерім қалды. Олар үшін қатты уайымдап отырмын. Қазір барлығы үйде. Бұған дейін "Сортөбе" бекеті арқылы Қырғызстанға өтіп кетпекші болған. Бірақ шыға алмады. Мендегі ақпарат бойынша шекарада адамдар кептеліп тұр. Баланы қолда ұстап тұру қиын. Сол себепті біздікілер үйге қайтты", - деп атап көрсетті Имаров.

Оның айтуынша, түнде туған-туыстарына қоңырау шалып, ала алмаған. Өйткені байланыс жағынан қиындықтар болды.

"Менің отбасым түнгі оқиғалар тағы қайталанады деп қорқып отыр. Мен оларға үйден шықпасын дедім. Өзім қазақтармен бірге өстім. Қаракемер ауылында сыныптастарым көп. Біз барлық жанжалды бейбіт жолмен шешетінбіз. Ақсақалдар бір-біріне барып, татуласып жүретін", - дейді Имаров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.