Қордайда жанжалдан қаза болғандардың саны онға жетті
Жамбыл облысы Қордай ауданында жанжалдан қаза болғандардың саны онға жетті деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчи.
08:12 10.02.2020
"9 ақпан таңертеңгі дерек бойынша он адам қаза болды", - деді Алексей Калайчи жексенбі күні өткен брифингте.
Биліктің айтуынша, 8 адам - жанжал кезінде, екі адам реанимацияда көз жұмған. Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданында тұрғындар арасында жанжал болып, 10 адам қаза болған, 40-тан астам адам жарақаттанған. 8 ақпанда кешке Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары