«Астана Арена» спорт кешенінің шатыры құлады
«Астана Арена» спорт кешенінің төбесі қардың салмағына шыдай алмай құлады.
09:41 10.02.2020
«Бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты, шамамен 08:00 шамасында, спорт кешенінің төбесіндегі поликарбонат плиткалары құлады. Қазір шатырды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ», - деді «Астана Арена» спорт кешенінің директоры Дмитрий Антоничев.
Оның айтуынша, шатырға көтеріліп, оны қардан тазарту мүмкін емес, өйткені ол шыны плиткадан жасалған. Кешен директорының сөзінше, шатырға көтеріліп шығып, төбедегі қарды алып тастау мүмкін болмаған. Себебі, спорт кешенінің төбесі шыны плитадан жасалған екен. Әлеуметтік желі қолданушының оқиға орнынан түсірген видеосынан шатырдың кішкене бір бөлігі опырылып кетіп, жерге қар немесе мұз секілді заттардың құлап түскенін байқауға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!