Каспий теңізі қызыл түске боялды
Ақтауда Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды.
10:48 10.02.2020
Приморье ауылының жағалауындағы су қызыл түске боялып, жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды. Осыған ұқсас жағдай Caspian Riviera қонақүйінің лагунасынан байқалды. Ол кезде су қызыл түске диатомдық балдырлардың әсерінен боялғаны хабарланған еді.
Олар балықтарға еш қауіп төндірмейді. Судың қызыл түске айналуынан еш қауіп жоқ және оның балықтарға да қаупі жоқ екен.
Еске салайық, осыған дейін 2018 жылы Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялған еді. Экологтардың айтуынша, аталған жағдайдан қоршаған орта ластанбайды. Жағалауда қызыл түске ие көптеген шылау мен балдырлар бар. Солардың әсерінен теңіздегі су да қызыл түсті болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!