{metadescription}
0:000:00

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматыда екі адам жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан қаза тапты.

Оқиға Розыбакиев көшесінде, Байқадамов көшесіне таяу жерде болды. Солтүстік бағытта үлкен жылдамдықпен келе жатқан Lexus маркалы автокөлік бетон таситын жүк көлігіне соғылған делінеді.

Соқтығыс нәтижесінде Lexus көлігіндегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Жеңіл көліктің иесі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын қалалық полиция өкілдері анықтайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде