Көше ортасында атыс шығарған ер адамдар видеоға түсіп қалды
Мәскеудің Сергиев-Посад қаласында атысқан ер адамдар видеоға түсіп қалды.
12:06 10.02.2020
Ер адамдар Институтская көшесіндегі кафенің жанында жанжалдасқан. Видеодан бірнеше ер адамның жердегі адамды қалай тепкілеп жатқанын көруге болады. Тұрақта тұрған көліктің жанында тағы біреуі жатыр. Төбелес кезінде қару ұстаған біреуі жүгіріп келіп, жердегілерді атып тастайды.
Артынша барлығы көлікке мініп кетіп қалады. Төбелес салдарынан екеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Басылымның мәліметінше, полиция атыс шығарғандарды іздестіріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!