Алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
14:38 10.02.2020
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында – жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.
Алайда Атлант мұхитынан жылжыған циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!