Масанчи ауылының бүгінгі көрінісі туралы видео жарияланды
ҚР Ішкі істер министрлігі 7 ақпанда болған жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылының бүгінгі көрінісін әуеден көрсетті.
15:05 10.02.2020
Министрліктің Telegram парақшасында жарияланған видео материалға сәйкес, өрт салдарынан 25 жеке тұрғын үй, 31 коммерциялық нысан және 41 автокөлік зардап шекті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қақтығыстарды болдырмау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жаппай тәртіпсіздікке жол үстінде болған көлік жүргішілердің егесі себеп болған, бұл жайтты арандатушылар ұлтаралық қақтығысқа айналдыруға тырысқан. 170-тен астам адам медициналық көмекке жүгінді. Көбінесе жеңіл жарақаттар.
«Әр түрлі жағдайдағы көптеген ота жасалды. Кейбір ауыр жарақаттар болды, негізінен оқ жарақаттары. Жансақтау бөлімінде әлі де ауыр халде 14 адам жатыр (Қордайдан екеу және Алматыдан 12 адам). Ауруханада 43 адам ем алуда (Қордайда - 13, Таразда - 25, Алматыда - 25, Қырғызстанда - төрт), кейбірі ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!