Оскар-2020 жеңімпаздарының толық тізімі жарияланды
92-ші Оскар сыйлығының жеңімпаздары арасында оңтүстіккореялық фильм топ жарды.
16:45 10.02.2020
Режиссер Пон Чжун Хе түсірген "Паразиттер" триллер элементтері бар комедиялық-драмалық фильмі Оскардың 6 номинациясына ілінген еді. Нәтижесінде шығармашылық топ "Үздік фильм", «Үздік режиссерлік жұмыс", "Үздік түпнұсқа сценарий", "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациялардында 4 мүсіншені иеленді. Айта кетейік, бір фильмнің негізгі және халықаралық номинацияда жүлде алуы Оскар тарихында алғаш рет болып тұр.
Жалпы биыл Академия марапатының тарихында алғаш рет болған заттар көп болды. Мысалы, "Джокер" фильміне және "Чернобыль" сериалына музыка жазған 37 жастағы Хилдур Гуднадоттир "Үздік композитор" атанған алғашқы әйел адам. Алғаш рет маори тайпасының тумасы (Жаңа Зеландия) Тайка Вайтити "Үздік бейімделген сценарий" ("Джоджо қоян" фильмі) үшін Оскар алды. Осыған қоса "Паразиттер" тарихта тұңғыш рет шетел тілінде (ағылшын тілінде емес) түсіріліп, үздік атанған лента болды.
Сонымен 2020 жылғы "Оскар" жеңімпаздары:
- Үздік фильм: "Паразиттер".
- Үздік актер - Хоакин Финикс ("Джокер").
- Үздік актриса - Рене Зеллвегер ("Джуди").
- Үздік режиссер - Понг Джун-Хо ("Паразиттер").
- Үздік шетелдік фильм – "Паразиттер" (Оңтүстік Корея).
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!