Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды.
19:55 10.02.2020
Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды.
«Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын», - делінген құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы өтінішке сәйкес, Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!