{metadescription}
Алматыда әуежайға жарылғыш зат қойған ер адам ұсталды

Алматыда әуежайға жарылғыш зат қойған ер адам ұсталды

Алматы халықаралық әуежайында адамдар эвакуацияланды – әуежайға мина қойылғаны туралы ақпарат түсті.

«Бүгін, 10 ақпанда, 102 шұғыл байланыс желісіне 17 сағат 52 минутта белгісіз біреуден қоңырау келіп түсті. Ер адам Алматы халықаралық әуежайына мина қойылғанын айтқан. Бұл ақпарат дереу Көліктегі полиция департаментінің бөлімшелеріне хабарланды. Әуежайдағы адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды. Қоңырау шалушының кім екенін анықтау жұмыстары да жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат болып шықты. Қазір оны Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының полиция бөліміне алып кетті», - деп хабарлады полиция.

Бұл адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды. Бұрын ол осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

«Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қалалық жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрлігіп, алаңдауға негіз жоқ», - деп нақтылады полициядан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде