Көкшетауда 34 жастағы ер адам суицид жасамақ болды
Көкшетауда тәртіп сақшысы суицид жасамақ болған 34 жастағы ер адамның өміріне араша түсті.
09:46 11.02.2020
Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай бүгін ақпанның 10-да сағат 13:00 шамасында болды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
«Көкшетау стансасының теміржол жол бойындағы жаяу жүргіншілер өтетін көпірінен ер адам секіріп кетті. Қасындағы қыз суицид жасамауға көндіруге тырысқанымен ол оны сөзіне құлақ аспаған. Абырой болғанда ер адам жерге құламай көпірдің астындағы пойыз вагонының төбесіне түскен. Оны сол маңда жүрген Көкшетау қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері, полиция сержанты Бақдәулет Көшкінбай көріп қалған. Ол дереу вагонның үстіне шығып ер адамға көмектесті. Кейін ол желілік полиция бөліміндегі әріптестерінің көмегімен суцид жасамақ болғанды ер адамды жерге түсіріп, дәрігерлердің қолына тапсырды», - деді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметі атап өткендей, ер адамның жасы 34-те. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының тұрғыны. Суицид жасамақ болған кезде ол мас болған. Қазіргі кезде, оның мұндай қадамға неліктен барғаны анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!