{metadescription}
Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды

Қытайдан тағы 217 қазақстандық эвакуацияланды

Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

«Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», - деді Елжан Біртанов.

Олар карантин аймағынан эвакуацияланбағандықтан, небәрі үш күнге ғана карантинге жабылады. Бұған дейін 1 ақпанда Ухань қаласынан санавиация арқылы 83 қазақстандық елге оралған еді. Сондай ақ 18 Қырғызстан азаматы, Беларусьтің бес азаматы және бір Армения азаматы эвакуацияланды. Олардың арасында коронавирус тіркелген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.