Қордай оқиғасы: Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мың адам елге оралды
Қордай оқиғасы кезінде көрші Қырғыз еліне өтіп кеткен 8 мың адам қайтып келді.
10:54 11.02.2020
Бұл туралы Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.
«Өздеріңіз баспасөзден білесіздер, соңғы 3 күнде көптеген азамат көрші Қырғызстан еліне өтіп кетті. Осы екі күннің ішінде 8 мыңға жуық азамат қайтарылды. Кешеден бастап барлық мектеп, балабақша бұрынғыдай өз жұмысын жасап жатыр. Сауда дүкендері де жұмысын бастады», - деді Бердібек Сапарбаев.
Жамбыл облысының әкімі өрткенген үйлердің, дүкендердің құрылыстарын салған кезде жергілікті құрылыс компаниясы тартылатындығын баса айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!