{metadescription}
Коронавирустан қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Коронавирустан қаза тапқандар саны 1000-нан асты

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен мерт болғандар саны 1016-ға жетті.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй - 103). Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да індетті жұқтырғандардың жалпы саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза тапты. 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды.

Қазақстанмен шекаралас Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді. Оның ішінде Іле-Қазақ автономды аймағында – 10, ауданның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында 20 адам індет жұқтырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.