Дәрігерлер Қытайдан келген науқасты көргенде қаша жөнелген
Уфа қаласында жас жігіт коронавирусқа қан тапсырмақ болып емханаға келген.
13:20 11.02.2020
Алайда оны көрген дәрігерлер көмектескеннің орнына бастарын ала қашқан. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады. Телеарна таратқан мәліметке сүйенсек, инфекциялық аурухананың дәрігерлері Қытайдан келген 27 жастағы Ресей азаматын тексеруден бас тартқан.
Жігіт Бейжіңде сегіз айдай жұмыс істеп, 4 ақпан күні еліне оралған. Көп ұзамай ол өзін жайсыз сезінген, және туыстары коронавирусқа қарсы тексеріліп көр деп кеңес береді. Әкесінің айтуынша, ұлы ауруханаға келісімен Қытайдан келгенін және коронавирусқа қарсы қан тапсырғысы келетінін айтқан. Осы кезде дәрігерлер бірден абдырап, не істерлерін білмей қаша жөнеліпті.
Ұлым алғашында анализ тапсыратын ғимаратқа барып, Бейжіңнен келгенін айтқан, оны бүкіл дәліздегілер естіген. Сол сәтте бәрі қаша жөнелген, қабылдау бөліміне бару керектігін айқайлап жеткізіпті,-дейді науқастың әкесі Владислав.
Келесі ғимаратта да осындай жағдай болған. Дәрігерлер онымен сөйлескісі келмей түпкі бөлмеге қарай қашан жөнелген. Дәрігерлер науқаспен жабық есік арқылы сөйлесіп, оған ауруханының артқы есігі арқылы шығып кетуін өтінген. Башқұрт Денсаулық сақтау министрлігі бұл жайт бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!