Алматы облысы полиция бастығының орынбасарына оқ атқан
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктен 19 полиция қызметкері жарақат алды.
13:47 11.02.2020
8-ақпанда қақтығыстың алдын алу және оны оқшаулау үшін оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып Жамбыл және Алматы облысы полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері келді. Тәртіпсіздік кезінде 19 қызметкер түрлі дене жарақатын алғаны, 9 – ы- атыс кезінде жарақаттанғаны белгілі болды. Арнайы жасақ инспекторларының бірінінің беті мен сол аяғына оқ тиген. Тағы бір жасақ инспекторы -екі санның жоғарғы жартысынан жарақат алды.
Жағдай тұрақталып, полицейлер бақылауға алғаннан кейін, қызметкерлер орталық аудандық аурухананың қызметіне жүгінді. Қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін арнайы киімдердің (бронежилет) арқасында қақтығыс кезінде алған жарақаттар санаты адам өміріне аса қауіпті емес екені анықталды. Зардап шеккендердің көпшілігі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін қатарға қосылып, қызметтерін жалғастыруда.
Алматы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Жүнісбеков жарақат алғандардың қатарында. Оған жасалған операция сәтті шығып, қазіргі уақытта денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде .
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!