{metadescription}
Мамандар коронавирустың таралуының жақсы қырларын атады

Мамандар коронавирустың таралуының жақсы қырларын атады

Ресейлік дәрігер әрі бағдарлама жүргізушісі Александр Мясников қытайлық коронавирустың таралуының жақсы қырларын атады.

Маманның сөзінше, тұрғындар аурудың шетелдерге таралуынан қорыққандықтан өз денсаулықтарына жіті көңіл бөлетін болған. Мясниковтың мәлімдеуінше, қазір коронавирустан басқа инфекциялардың өршіп тұрған кезінде, профилактикалық шараларды сақтаған жөн. 

"Коронавирусты естіген адамдар қолдарын жиі жуып, медициналық бетперде киіп, түшкіріп және жөтеліп жүргендерден қашатын болыпты. Енді тұмау екпесін ектіруге барса тіпті жақсы болар еді", - дейді теле дәрігер. 

Дәрігер суық тигізіп, ауырып қалған адамдарға үйден шықпауға кеңес берді. Егер жөтеліп жүрсеңіз, концертке, қонаққа бармаған жөн дейді ол. 

"Тұмаудан көз жұмғандардың саны қытайлық індеттің кесірінен жан тапсырғандардан асып түседі. Тұмау "қорқынышты коронавирустан" де жаман ауру", - деп қосты Мясников. 

Бұған қоса маман әбігерге түсіп, ауруды жұқтырып аламын деп қорқудың еш қажеті жоқ дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде