Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыс істейтін болады
Жамбыл облысының Қордай ауданында балабақшалар мен мектептер қайта жұмысын бастады.
17:38 11.02.2020
Жергілікті мұғалымдер жұмысқа шығып, оқу бағдарламасы жалғасуда. Ал Жамбыл облысының әкімі Асқар Мыразахметов жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген, зақым келген мүліктер қалпына келтіріліп, марқұм болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Мәжіліс депутатары зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударса, еліміздің кей өңірлерінне гуманитарлық көмектер жөнелтілуде. Ал, құзырлы органдар 25 қылмыстық іс қозғапты.
Қордай ауданындағы қақтығыстан қаза тапқандардың денелері жер қойнына тапсырылды. Үкіметтік комиссияның төрағасы Бердібек Сапарбаев марқұмдардың отбастарына көңіл айтып шыққаннан, кейін жұртпен бірге жаназа намазына қатысты. Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев қақтығыс кезінде көз жұмған Әлжан апа ауылының тұрғыны Дархан Әбдірахымның отбасында болып, қайғыларына ортақтасты. Марқұм бір үйдің жалғызы екен. Артында жары мен үш бірдей баласы жетім қалды. Вице-премьер өрімдей жас жігітің өліміне кінәлілер міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылатынын жеткізді.
Үкіметтік комиссия Қарасу, Ауқатты бекеттерінде де болып, Қырғызстанға кеткен жергілікті тұрғындармен кездесіп, оларды елге оралуға шықырды. Бернеше елді мекенді аралап Бердібек Сапарбаев жұртшылықтың өтініш-пікірлерін тыңдады. Оның барысында жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген мүліктерді қалпына келтуріге мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін жеткізді.
"Ешқандай қорқудың, үрейленудің керегі жоқ. Өздеріңіздің сонда кеткен ағайын-туыстарыңызға, балаларыңызға айтыңыздар барлығы қайтып келсін. Кеше сіздерге біз енді айтқанбыз. Біздің енді келгендегі мақсатымыз, міндетіміз - Мемлекет басшысының бізге берген тапсырмасы, осы жерде тыныштық қауіпсіздік орнату. Оны орнатып жатырмыз, орнатамыз да. Оған енді барлық мүмкіндіктеріміз бар", - деді премьер-министр Бердібек Сапарбаев.
Дегенмен, жылдар бойы тату-тәттті ғұмыр кешіп жатқан жергілікті тұрғындар аяқ астынан не болғанны түсінбей қалдық дейді. бір-екі басбұзарларың әрекеті осындай жанжалға әкелгеніне қынжылатындарын атйты, деп жазады stan.kz.
"Оқиғаның қалай болғанын өзіміз де түсінбей қалдық. Елдің бәрі қорқып үйлерінде отыр. Кешелі-бері көптеген адам Қырғызстанға кетті. Өзіміз осында тудық, осында қаламыз", - деді тұрғын Ибрагим Харби.
Қазір Қордай ауданында төтенше жағдай жарияланған. Ауылдарға кіретін тұстарға полиция бекеттерін қойылып, олар кіріп-шығатын көліктерді жіті тексеруде. Бірақ елді мекендердегі бірде- бір сауда орындары мен дүкендер жұмыс істемей тұр. Тек, бүгіннен бастап мектептер мен балабақшалар қайта жұмысын бастаған.
Масаншы елді мекенінің орталық көшесі соғыстан кейінгі кезеңді еске түсіреді. Бұл жерде сауда орындары орналасқан екен. Қазір барлығы бүлінген, өртенген. Ал жергілікті комиссия келген шығын көлемін есептеумен айналысуда. Жергілікті комиссия қақтығыс кезінде бүлінген, зақым келген мүліктерді есепке алып шығын көлемін есептеуге кіріскен. Комиссия жұмысы ақталған соң үкіметтен арнайы қаржы бөлінетін болады.
"Үкімет комиссиясы қазір Қордай ауданында Жамбыл облысында жұмыс істеуде. Бүгін-ертең ол өзінің жұмысын бітіреді. Сол жұмыстың нәтижесі бойынша ақша бөлу шешімдер қабылданатын болады. Ақша бөлінетін жағдай болғанда ол үкіметтің резервінен бөлінетін болады", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайлов.
Аудандағы жағдайды реттеуге егде кісілер де атсалыспақ. Ол үшін Ақсақалдар кеңесі құрылып, жұмыс істейтін болады. Қазақстандықтар болса баспанасыз қалған жұртқа гуманитарлық көмек жөнелтуде. Құзырлы органдар жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 25 қылмыстық іс қозғалып, ведомствоаралық шұғыл-тергеу тобы жұмыс істеуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!