{metadescription}
Беларусь елінде такси жүргізушісі қазақ жігітін көлігіне отырғызбай қойды

Беларусь елінде такси жүргізушісі қазақ жігітін көлігіне отырғызбай қойды

10 ақпан күні Нұрсұлтан есімді қазақстандық жігіт Беларуссияның астанасы Минскіде болған оқиғаны айтып берді.

Оны қытайлық деп ойлаған такси жүргізушісі көлігіне отырғызбай қойған екен. Яндекс.Такси шақырған жігіт көлікке кіре алмады: жүргізуші келгенімен, көлік есігін ашпады. Жолаушыны көріп, кері жүріп кетті, деп жазады stan.kz.

"Мен кеше такси шақырдым. Көлік келді, қара Фольксваген Поло. Мен көліктің есіктерін аша алмадым. Жүргізуші бір ауыз сөз айтпай кетіп қалды", - деді Нұрсұлтан.

Жігіт такси жүргізушісіне қоңырау шалып, мұның себебі неде екенін білмек болды.

"Жүргізуші телефон тұтқасын көтермеді, бірақ маған SMS-хабарлама жазды. Ол мені қытайлық деп ойлаған және үш рубль үшін тәуекелге баруға негіз жоқ деп айтты. Ол коронавирустан қорыққан болуы мүмкін", - деді қазақстандық жігіт.

Нұрсұлтан бұл оқиғаны әзілмен айтуға тырысады, бірақ бұл жағдай оған жағымсыз әсер еткен. Ол басқа көлікті шақырды, келесі жүргізушіде мұндай проблемалар болмады. Ол оған болған жағдайды айтып бірге күліпті. Нұрсұлтан "Яндекс.Такси" қызметіне қоңырау шалып, мән-жайды сұрайды. Компания одан кешірім сұрап, мұндай ерсі әрекет жасаған жүргізушінің бұдан былай жұмыс істемейтінін айтқан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде