{metadescription}
Бизнесмен үш елде 11 адамға коронавирус жұқтырған

Бизнесмен үш елде 11 адамға коронавирус жұқтырған

Ұлыбританияда үш елге барып, 11 адамға коронавирус жұқтырған адам анықталды.

Ол - британдық бизнесмен Стив Волш. 53 жастағы ер адамға 6 ақпанда коронавирус диагнозы қойылды. Ол Сингапурда болған конференцияға қатысқан. Осыдан кейін Волш Францияда Альпіге тау шаңғысы демалысына кеткен, содан кейін Ұлыбританияға оралған. Ол вирусты 11 британдыққа жұқтырды деген болжам бар: төртеуі - Ұлыбританияда, бесеуі - Францияда және біреуі - Майоркте.

Ер адам Ұлыбританияның денсаулық сақтау органдарына коронавирус жұқтыру ықтималдығы туралы ескерткен. Кейіннен оның нәтижесі расталды. Волш қазіргі уақытта Сент Томас британдық ауруханасында карантинде жатыр. Оның отбасын да оқшаулау сұралды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде