{metadescription}
Тоқаев Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі атанды

Тоқаев Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі атанды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан волонтерлердің "Birgemiz" республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz республикалық фронт-офисінің ашылуында Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Еріктілік – бұл жан толғанысы. Еріктілер – өз еркімен келгендер. Бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісім бердім. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежем бар, алайда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесінің маңызы одан кем емес. Бұл мен үшін зор құрмет. Сондықтан біз бірге жұмыс істейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-офисі ашылды. Birgemiz фронт-офисі "ЭКСПО" аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан. Бұл – консультациялық, әдістемелік, білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіреді.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде