{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін дайын болуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін дайын болуы мүмкін

Коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін, деп мәлім етті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

«Алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін. Сондықтан біз осы вируспен күресу үшін бүгінгі күні қолда бар «қаруды» пайдалана отырып, бәрін жасауымыз керек», - деп келтірілген оның сөзі ұйым сайтында.

ДДҰ басшысы вакциналар мен терапиялық құралдарды әзірлеу маңызды екенін атап өтті. Алайда, бұл зерттеу бағдарламасының бір бөлігін ғана құрайды.

«Оларды әзірлеуге уақыт қажет болады. Бірақ, онымен бір мезгілде, біз қорғансыз емеспіз. Қоғамдық денсаулық сақтаудың инфекциялармен күресе алатын көптеген негізгі шаралары бар», - деп атап өтті Тедрос Аданом Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түріне COVID-19 атауын берді. Сонымен қатар, ДДҰ басшысы әлем елдерін жаңа коронавируспен күресті жандандыруға шақырды. Сондай-ақ ол халықаралық қауымдастықта індеттің алдын алу үшін «мүмкіндіктер терезесі» бар екенін атап өтті.

«Бұл вирус – қоғамның нөмірі бірінші жауы», - деп түйіндеді Гебрейсус.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.