Илья Ильин Ташкентте алтын медаль ұтып алды
Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатында жеңіске жетті.
17:20 12.02.2020
Илья Ильин Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық біріншілік аясында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы жарыстың жеңімпазы атанды. Ол екі рет зілтемірді көтеруде 355 (160 + 195) келіні еңсеріп, І-орынға ие болды.
ІІ-орынды Катарлық Фарес Эльба иеленді - 353 (159 + 194) келі. Өзбекстандық ауыр атлет Умарбек Шохназаров қола жүлдеге ие болды. Ол 341 (155 + 186) келіні көтерді. Халықаралық достастық біріншілігінің лицензиялық мәртебесі бар. Онда спортшылар рейтинг ұпайларын жинай алады, олар Олимпиадаға іріктеу кезінде ескеріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!