{metadescription}
Сүйіктісі қарамай қойған ер адам сұмдық қылмысқа барды

Сүйіктісі қарамай қойған ер адам сұмдық қылмысқа барды

Күдіктіден екі пышақ тәркіленгені хабарланды.

Зардап шегушілер ауруханада жатыр. Ресейдің Хабаровск қаласында 43 жастағы ер адам әйелдерге шабуыл жасады. Бұл туралы осы елдің тергеу комитеті мәлімдеді. Тергеудің ақпаратына сәйкес, ақпанның бесі мен сегізі күні ер адам көшеде танымайтын әйелдерге шабуыл жасап, бірнеше жерден пышақ сұққан. Зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

Күдікті не үшін мұндай қылмысқа барғанын айтты. Оның айтуынша, сүйетін әйел өзіне қарамай қойған. Осындай қылмыс жасап, оның назарын аударуды көздепті. Ер адам өзінің үйінде ұсталды. Оның қылмысы бірнеше рет қайталандықтан, маньяк деп қарастырылып отыр. Күдіктіден екі пышақ тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде