{metadescription}
Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды

Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды

Видео әлеуметтік желілерде таралып кетті.

Әйелдің фитнес орталықтардың біріне асыққаны белгілі болды. Ресей астанасында такси жүргізушісін соққыға жыққан әйел видеоға түсіп қалды. Жүргізуші әйелді баратын жеріне апарудан бас тартқан. Бұл әйелдің ашуына тисе керек. Ол өз-өзін ұстай алмай, жүргізушіні ұра бастады. Видео Telegram каналдардың бірінде жарияланған.

"Мені апар, мені адамдар күтіп отыр", - деп әйелдің айқайлап жатқанын естуге болады.   

Ол жүргізушіге қоқан-лоқы көрсетіп, телефонмен біреулерге хабарласып, көмекке шақыра бастады. Ал таксист болса, дауыс көтермей, әйелді апармайтынын түсіндірмек болды. Әйелдің фитнес орталықтардың біріне бара жатқаны хабарланып отыр. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде