Сирек ауруға шалдыққан ер азамат 41 күн бойы ұйықтаған
Австралия тұрғыны сирек кездесетін неврологиялық ауытқушылыққа ұшырапты.
15:42 13.02.2020
Гиперсомния шалдыққан ол бірнеше күн бойы қатарына ұйықтай беретін көрінеді. 21 жастағы Гарри Данн Клейне-Левин синдромына ұшырапты, бұл ауру "ұйқыдағы бикеш" синдромы деп аталады. Осының салдарынан ер жігіт бірнеше күн бойы оянбай ұйықтай береді екен. Кейбір кездері сырқаттанған адамның ұйқысы бірнеше айға дейін созылып кететін көрінеді. Көбіне аталмыш синдромға жасөспірімдер мен жеткіншектер тап болады.
Бір кездері Данн 41 күнге дейін ұйқыға кеткен. Тіпті көп ұйықтайтын ол өзінің 16 және 17 жасқа толған туған күнін, Рождество мен маңызды спорттық ойындардың көрсетілімдерін өткізіп алыпты. Данның айтуынша, ұзаққа созылған ұйқы кезінде ол айкезбеге айналады екен. Ал оянған кезде өзінің не жасағанын білмейтінін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!