Бейжіңде қалған азаматтардың екінші толқыны елімізге оралды
Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды.
15:22 13.02.2020
Бұл туралы ақпарат денсаулық сақтау министрлігің Facebook парақшасында жарияланды. Бүгін таңғы сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды, ішінде 211 жолаушы бар, 171-і Қазақстан азаматы, ал 40 адам Қырғызстан азаматы. Келген жолаушылар карантинға жабылған.
"Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ. Ал Қырғызстанның 40 азаматы Бішкекке жеткізіліпті. Бұған дейін 217 қазақстандық Бейжіңнен эвакуацияланғаны жайлы айтылған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!