Алматыда екі қызды көлік қақты, біреуі ауыр хәлде
Алматыда Зерделі шағын ауданында Мөңке би көшесінде екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
10:51 15.02.2020
Lada жүргізушісінің айтуынша, ол тайғақ жолда көлігін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Осы уақытта сол жерден екі жасөспірім қыз кетіп бара жатқан. Ал жүргізуші бұрылып үлгере алмай, оларды қағып кеткен.
Әр түрлі жарақаттармен зардап шеккендер жақын арадағы ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі ауыр халде. Барлық жағдайды түсіндіруді қалалық полиция жүргізеді.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік түйісіп, төрт адам жарақат алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!