Алматыда жер сілкінді
15 ақпанда Алматы уақыты бойынша таңертеңгі сағат 9.31-де қалада жер сілкінді.
13:10 15.02.2020
Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы хабарлады. Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 242 километрде, Қырғызстан және Қытаймен шекара аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 11,3, ал магнитудасы 5.6. Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласымен 2 балл болып сезілген.
Айта кетейік, синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!