{metadescription}
Ақтөбеде автобус аударылып, 26 адам зардап шекті
Ақтөбеде 15 ақпан күні сағат 9:40 шамасында қоғамдық көлік пен такси соқтығысып қалды.
13:46 15.02.2020
«Фольксваген-Поло» таксиімен 37 бағыттағы ПАЗ автобусы соқтығысып, салдарынан автобус аударылып қалған.
«Жол апаты салдарынан 26 адам (19 әйел мен 7 ер адам) зардап шекті. Жедел жәрдем қызметімен Ақтөбе қаласы медициналық жедел жәрдем ауруханасына 13 адам жеткізілді», - деді полицияда.
Жол апатына қатысты тергеу амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!