{metadescription}
Маңғыстау облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам қазa тапты

Маңғыстау облысында екі көлік соқтығысып, 3 адам қазa тапты

Батыр – Қызылтөбе тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан алты адам зардап шекті, оның үшеуі қаза болды.

Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Жол апаты 15 ақпан сағат 09:30 шамасында болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екі көлік соқтығысып, біреуі өртене бастайды, кейін ол жарылған. Апат сладарынан алты адам зардап шекті. 41 және 34 жастағы екі әйел мен 39 жастағы ер адам көз жұмды.

"1995 жылы туған екі ер адам жабық бас сүйек-ми зақымын алды, миы шайқалған, сынған жерлері бар. Екеуі де Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тағы бір 1975 жылы туған ер адам іш жарақаты, сол жақ сан мен тоқпан жілік сынығымен жансақтау бөлімінде жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.