Қазақстандық 3 ауыр атлет Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Қазақстандық үш спортшы жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегер атанды.
13:01 16.02.2020
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Абылай Әуелханов, Гүлнұр Ыбырай және Сайрамкез Ақмолда жүлдеге ілікті.
А.Әуелханов 55 кг салмақта қоссайыс қорытындысында 227 кг (97+130) көтеріп, жасөспірімдер арасында екінші, юниорлардан үшінші орынға ие болды.
Г.Ыбырай 64 кг салмақта 198 кг (88+110) нәтижемен қыздар арасында жеңімпаз атанып, юниорлардан екінші орынға көтерілді.
С.Ақмолда 61 кг салмақта 267 келіні (117+150) бағындырып, юниорлардан үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 20 ақпанға дейін созылатын чемпионатқа Қазақстаннан 10 атлет қатысуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!