{metadescription}
Атырауда бес қабатты үй отқа оранды

Атырауда бес қабатты үй отқа оранды

Өрт сөндірушілер тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді, олар тілсіз жаумен екі сағат күресті.

Полиция қызметкерлері үйді қоршауға алды. Атырауда бес қабатты үйден өрт шықты. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, 15 ақпанда сағат 17:22-де Өтемісов көшесіндегі бес қабатты үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үйдің шатыры толық жанып жатқан. Мамандар бірден 30 тұрғынды қауіпсіз жерге көшіреді.

"Сағат 19:18-де 600 шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықталды. 19:28-де өрт сөндірілді", - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 35 адам мен 8 техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үйдің аумағын қоршауға алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.