{metadescription}
Жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Жеңілмеген қазақ боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) кәсіпқой рингтегі он бірінші кездесуін өткізді. 

Мексиканың Тихуана қаласында өткен кездесуде отандасымыз жергілікті тәжірибелі бокшы Мауро Лоретомен (20-10-2, 8 КО) қолғап түйістірді. Құсайынов бесінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды. 

Абылайхан Құсайынов үшін бұл кәсіпқой рингтегі он бірінші жекпе-жек. Он кездесуі нокаутпен аяқталды. Ал мексикалық боксшы он бірінші рет жеңіліп отыр. Еске сала кетсек, өткен жылдың шілде айында Құсайынов үшінші раундта армян боксшысы Гарник Арутюнянді (3-2, 2 КО) жеңген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде