Туристік автобус аударылып кетті
Финляндияға жол тартқан автобус кюветтен шығып, аударылып кетті.
14:21 17.02.2020
Ішінде 19 адам бар автобус Ресейдің Петрозаводск қаласынан шыққан. Автобус салонында балалар да болған. "Сортавала" тасжолына жеткенде, көлік кенеттен аударылып түскен.
Қуанышқа орай, оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді, медициналық көмектің де қажеті болмады. Алдын ала мәлімет бойынша автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Еске салайық, Францияның оңтүстігінде Piper PA-28 маркалы туристік ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 4 адам қаза тапқан болатын.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!